08:41 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
876 0 0

Қазақстан Премьер-Лигасында доп тебетін "Ордабасы" футболшылары айына 2,4 миллион теңге алады, ал орташа жалақы – 1,5 миллион теңге

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. "Ордабасы" футбол клубының футболшылары мен қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, "Ордабасыда" жылына орта есеппен 120 адам жұмыс істейді. Оған ойыншылар, клубтық және техникалық қызметкерлер кіреді. Жалақыға 2,3 миллиард теңге кететінін ескерсек,  орта есеппен бір адам жылына 19 миллион, яғни айына 1,5 миллион теңге алады. Әрине, жалақының басым бөлігі футболшыларға кетеді.

Prosports.kz ақпараты бойынша, ҚПЛ-да қазақстандық құжаты бар ойыншы орта есеппен айына 2,4 миллион теңге алады.  

ОҚО статистика департаментінің ақпаратын қарар болсақ, оңтүстікқазақстандықтардың ай сайынғы жалақысы орта есеппен – 84 мың теңге. Яғни, "Ордабасыда" жалақы деңгейі нарықтағы бағадан тым жоғары.

2015 жылы әр қызметкер орта есеппен жылына 15 миллион, 2014 жылы 13 миллион теңге алған. 2013 жылы "Ордабасы" өзінің әр қызметкеріне орташа алғанда 9,1 миллион теңге жұмсаған. Яғни, жалақы деңгейі "Ордабасының" турнир кестесіндегі жағдайына байланысты өсе берген. 

Назарбаев қарапайым жұмысшылардың жалақысын көбейтетін заңға қол қойды 

Депутаттар өз жалақысын халықтың табысымен теңестіруді ұсынды 


Тақырып бойынша

Бітімгер офицерлер қанша жалақы алады?
Енді жұмыспен қамту орталықтарында жалақы адам санына қарай төленеді
Тимур Сүлейменов: Қазақстанда орташа айлық жалақы 152 мың теңгеден асты
Forbes Головкинді ең жоғары жалақы алған 100 спортшының қатарына қосты
Қала әкімі мен мәслихат депутаттары қанша жалақы алады?
Маңғыстауда 72 жастағы кейуана 5 келініне жалақы төлеп отыр
Кілт сөздер:
футбол, жалақы, Оңтүстік Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып