Өңірлер

Бірі бірінен өткен сорақы: жалаңаш мүсін халықтың жағасын ұстатты

© Photo : Facebook / Андрей МунАлматылықтардың жағасын ұстатқан мүсін
Алматылықтардың жағасын ұстатқан мүсін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда тағы бір мүсін жұрттың сынына ұшырады: қалалықтар оның мәнін түсінбей аң-таң

АЛМАТЫ, 28 шілде — Sputnik. Алматылықтар жалаңаш ер адамның мүсінін жүк көлігімен тасымалдап бара жатқанын байқап қалған.

"Байбек алматылықтарды таңғалдырудан жалықпайды. Жуырда! Алаңдардың бірінде…. қомақты сомаға…", — деп жазды фото авторы Андрей Мун.

Суретке жазылған пікірлерде желі қолданушылары бұл нысанды Дональд Трамптың мүсіні немесе "жамбас ізі" салынған ағаш атқа отырғызылады, болмаса шенеуніктерге қойылған ескерткіш деп түрлі болжамдар жасады.   

Сөйтсе, бұл мүсін о баста қытай мейрамханасының кіреберісінде тұрған екен. Қазір мейрамханада жөндеу жұмыстары басталып, ескерткішті басқа жаққа апарып қойыпты.

Алматылықтар биыл қала билігінің жүйрік қиялына таңғалудан жалықпай келеді. Қоғам назарына іліккен атышулы мүсіндердің бірі — "Атакент" орталығының алдына қойылған алып Тиін. Оның құны 23 миллион теңге болып шыққан.

Кейінірек Панфилов көшесінде "Ер-тоқымның пайда болуы" атты ағаш аттың мүсіні орнатылды: аттың үстінде қоладан жамбас ізі құйылған.

© Sputnik / Тимур БатыршинЕр-тоқымның пайда болуы
Ер-тоқымның пайда болуы - Sputnik Қазақстан
Ер-тоқымның пайда болуы
Жаңалықтар
0