Өңірлер

Түркістан облысында әкімнің не үшін ұсталғаны белгілі болды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік әкімдік аумағын абаттандыру кезінде парамен ұсталды

АСТАНА, 28 шілде — Sputnik. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі Рашид Қайыпжановты пара алу үстінде ұстады.

Пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы полицейлері ірі көлемде парамен ұсталды

"Әкімдік аумағын абаттандыру жұмысы үшін мердігер ұйымның шотына еш кедергісіз ақшалай қаражат аударғаны үшін ұйым басшысынан 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді", — деп мәлімет берді ведомство.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әкімнің ұсталғаны туралы ақпарат 25 шілде күні Астанадағы брифинг кезінде белгілі болған. Ол кезде агенттік оқиғаның мән-жайын ашып айтпаған еді.

Қай мемлекеттік органдар жемқорлыққа бейім?

Рашид Қайыпжанов 2017 жылы аудан әкімі лауазымын иеленді.

Жаңалықтар
0