Өңірлер

Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі көлік соқтығысып, алты адамның біреуі ғана аман қалған

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Жаңаөзендегі шағын аудандардың бірінде 26 шілде күні кешкісін жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты.

Самосвал с отказавшими тормозами задавил водителя в Алматы – кадры с места ЧП - Sputnik Қазақстан
Видео
Тежегіші істен шыққан жүк көлігі ер адамды басып қалды

Кешкі сағат бес кезінде "Самал" шағын ауданының көше қиылысында Lexus және BMW көліктері соқтығысып қалды, деп хабарлайды Sputnik lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Соққының қатты болғаны сонша, көлік бөлшектері он метрдей жерге шашылған. 

"Салдарынан бес адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған", — деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Көлік апатынан қаза болған қыздың туыстарының сөзіне сүйенсек, Lexus жүргізушісі бағдаршам қызы жанып тұрғанда, қиылыстан өтіп кетпек болып, жол жүру ережесін бұзған.

Астанада сот алдында қызды көлік қағып кетті

Алайда қандай да бір қорытынды жасауға асығар емес. Алда  бірқатар сараптама жасалып, апатқа кім кінәлі екені анықталмақ. 

Жол апатынан жалғыз өзі аман қалған жас жігіт жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.

Алматыда автобус жеңіл көліктің күл-талқанын шығарды

Жаңалықтар
0