Өңірлер

Қостанайда қыз бала аттракционда ауыр жарақат алды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАттракцион
Аттракцион - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аттракцион іске қосылып тұрғанда, жігіт орнынан тұрып, билей бастайды да, қыздың үстіне құлап, бұғанасын сындырды

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Қостанайда аттракционда тоғыз жасар қыз бұғанасын сындырып, ауыр жарақат алды.

Видеоға түсіп қалған оқиға туралы Костанайские новости басылымына сілтеме жасап Sputnik  хабарлады. Роликте оқиғаның 23 шілдеде болғаны көрсетілген, Tagada аттракционына отырғандар қауіпсіздік тәртібін бұзып, орындарынан тұрып, айналып-шайқалып тұрған платформаның үстінде билеуге тырысады. Аттракцион ережелері бойынша бұлай жасауға түбегейлі тыйым салынған, алайда оператор келушілерге ешқандай ескерту жасаған жоқ.

Салдарынан билеп жүрген жігіттердің бірі қыздың үстіне құлап, бұғанасын сындырды. Қазір бала ауруханада жатыр.

Астанада бойжеткен аттракционнан құлап кетті

Қыздың анасының мамандығы заңгер, Орталық саябақ әкімшілігімен соттасуды көздеп отыр.  

Tagada аттракционының қаупі қандай?

Tagada әлемдегі ең қауіпті аттракциондардың бірі және пен Аустралияда тыйым салынған, өйткені адамдарды ұстап тұратын ешқандай белдік жоқ. Олар аттракциондағы диванға отырып, металл тұтқалардан ұстауы тиіс. Кейбіреулердің қолы шығып кетіп, құлап, жарақат алып жатады.

Қазақстанда бірнеше бала аттракционнан зардап шекті

Қазақстандық балалар үшін ең қауіпті аттракцион көпшілікке танымал үрленген батуттар болып шықты. мамыр айының басында қатты жел соғып, "Жаннұр" сауда үйі алдындағы батут аударылды.

Сонымен бірге "тарзанкадағы" екі оқиға көпшілікке белгілі. Қостанайда резеңке арқан үзіліп кетіп, алты жасар қыз зардап шеккен. Ал Астанада сондай аттракционда жас қыз жарақат алды.

Ең қорқынышты жайт 2015 жылы Шахтинскіде болды. Екі жасар Варвара Переседова аттракционның ашық айналып тұрған механизміне түсіп кетіп, мерт болған еді.

Жаңалықтар
0