20:09 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
29710

Әзірге жоғалған баланың ешбір ізі табылмай отыр

АЛМАТЫ, 26 шілде— Sputnik. Алматы облысындағы тауларда із-түзсіз жоғалып кеткен жеті жасар алматылық баланы 12 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik. 

"Екі іздеу тобы құрылды. Біреуі батыс бағыттағы жерді, Қырғызстанның шекарасына дейін қарап шығады, екінші топ шығыс бағытта – барлық шатқал, сүрлеу жол, бүкіл төңіректі сүзіп шығады", — деп хабарлады Sputnik тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Сергей Незнаев. 

Оның айтуынша, іздеу жұмыстарына жергілікті мәслихаттың екі депутаты, әкімдік, ветеринарлық станция  қызметкерлері қатысып жатыр. 

Іздеу-құтқару операциясының барысында шабандардың тұрақтары да тексеріледі. 

Незнаевтың айтуынша, әзірге жоғалған баланың ешбір ізі табылмаған. 

Алматыдан қонаққа келген жеті жасар бала 14 шілдеде Ынтымақ ауылының маңында жоғалған. Ол өзге балалармен бірге жайлауға ойнауға барады. Сол жақта белгісіз жағдайда із-түзсіз жоғалып кетеді. Іздеу жұмыстарына "Қазавиақұтқарудың" тікұшағы тартылып отыр. 

Белгілі ресейлік құтқарушы Артур Давыденконың айтуынша, жаяулап баланы тапқан жеңілірек болады. 

Тақырып бойынша

Алматыда тауда қаза болған жігіт қашып кетер алдында туысын жаралаған болуы мүмкін
Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды
Алматылық қыз Қостанайда жоғалып кетті
Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Семейде ХҚКО-дан шыққан ер адам жоғалып кетті
Шымкентте анасымен ренжісіп қалған он жасар қыз жоғалып кетті
Кілт сөздер:
бала, ауыл, Алматы облысы, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып