14:58 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
523 0 0

Нұрпрезидент есімін иеленген бала жас ата-ананың шаңырағында дүниеге келді. Қазір Шиеліде тұрып жатыр

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Қызылорда облысында ата-ана баласына ерекше ат қойды. Осы жылдың 29 наурызында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент дүниеге келді.  

Қазір сәби Шиеліде 26 жастаға ата-анасымен бірге тұрып жатыр.

Жаңа туған балалар, архивтегі фото
© Sputnik / Игорь Чабаненко

"Біз ата-аналардың қатысуынсыз тіркеу жүргіземіз. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электронды үкімет порталы арқылы туған баланы тіркеуге өтініш береді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі.

Перинаталдық орталықта күніне 60-70 бала дүниеге келеді. Өңірде балаларға көбінесе мұсылманша аттар қойылады, деп хабарлады тіркеу бөлімі. 

"Облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аттастары бар. 2015-2017 жылдары Нұрсұлтан деген есім жиі қойылды", — деп толықтырды мамандар.  

Өткен жылдың қарашасында елордада жаңа туған балаға ЭКСПО-ның құрметіне Бәйдiбэкспо деген ат қойылды.   


Загрузка...

Басты тақырып