21:57 20 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.69
  • EUR518.42
  • RUB5.66
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
302 0 0

Сауд Арабиясынан келген қонақ қалада адасып кетіп, жергілікті тұрғындардан ағылшын тілінде көмек сұрайды, оны түсінбеген жұрт полиция шақыруға мәжбүр болған

ҚОСТАНАЙ, 22 маусым — Sputnik. Қостанайда ағылшын тілін жетік меңгерген полицей Сауд Арабия тұрғынын таңғалдырды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстанда Сауд Арабиясы тұрғыны адасып кетіп, қала кеңселерінің біріндегі күзетшілерден көмек сұрайды.

Шетелдік қонақты түсінбеген күзет қызметкерлері полиция шақырыпты. Сол кезде қатардағы Бейбарыс Мұхамедқалиевтің ағылшын тілін білетіні пайдаға жарады. Көрсетілген мекенжайға жеткен полиция қызметкері шетелдік азаматтың қандай жайтқа тап болғанын түсініп, баратын жеріне шығарып салыпты.

Жас полицей Бейбарыс Мұхамедқалиев Рудный өнеркәсіптік институтының түлегі, төрт тілде емін-еркін сөйлейді: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және неміс тілі.

Тоқаев: ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың не қажеті бар?>>

Кілт сөздер:
полиглот, ағылшын тілі, полиция, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып