Өңірлер

Шымкенттің миллион тұрғыны атынан Астанаға 20 аң-құс тарту етілді

© Photo : Пресс-служба зоопарка АлматыАмур жолбарысы, архивтегі фото
Амур жолбарысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордаға арыстан, Амур жолбарысы, пума, қоңыр аю секілді жыртқыштар сыйға тартылады

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында "Астананың 20 жылдығына — 20 нысан" акциясы аясында Шымкент зообағының "Африка" зоологиялық аймағы пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жаңалық жуырда ғана миллионды қала атанған шаһар үшін үлкен сый болғанын жеткізді.

Арқар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

"Елімізде жалпы 3 зообақ болса, соның бірі біздің облыста орналасқан. Осы нысанды жаңғырту мақсатында былтыр зообақта қайта құру жұмыстары басталған болатын. Мердігерлер өзіне тапсырылған міндетті орындап, жұмысты жоспар бойынша аяқтап отыр. Біздің бақтың өзге зообақтардан ерекшелігі қайта құрудан соң пайдалануға берілген "Африка" контингентіндегі павильондар ашық табиғи ортаға бейімделген. Мереке немесе демалыс күндерінде зообаққа келетін тұрғындар саны аз емес. Енді бүгінгі "Африка" аймағы ашылған соң қыдырушылар саны бұрынғыдан да көбейеді деп сенеміз!", – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, өңір басшысы елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына Шымкент қаласының миллион тұрғыны атынан Астана қаласына жануардың 20 түрін сыйға тартатынын атап өтті.

Елордаға Шымкенттен арыстан, Амур жолбарысы, пума, қоңыр аю секілді жыртқыштар мен кезқұйрық, тілеміш, тазқара, үкі құстары және басқа да жануарлар тарту етілмек.

Жалпы  "Африка" зоологиялық аймақтық құрылыс жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Жобаның құны 627 114 мың теңгені құрайды.


Жаңалықтар
0