Өңірлер

ОҚО-да облыс орталығын Түркістанға көшіру мәселесі қаралды

© Sputnik / Медиабанкке өтуТүркістан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облыс орталығы болған кезде қала әкімдігіне қарасты 12 ауыл округі Кентау әкімдігінің қарамағына өтуі тиіс

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik.  Оңтүстік Қазақстанда облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру мәселесі қаралды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында депутаттардың қарауына Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, оған ерекше мәртебе беру, облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және осыған байланысты облыстың, Түркістан, Кентау қалаларының шекараларына өзгерістер енгізу мәселелері ұсынылды.

Енгізіліп отырған өзгерістерге сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болған кезде қала әкімдігіне қарасты 12 ауыл округі Кентау қаласы әкімдігінің қарамағына өтеді. 

Шымкент қаласының аумағы өзгеріссіз қалып, облыстың аумағынан жеке бөлініп шығуына байланысты облыстың аумағы қысқармақ. Сонымен қатар, әлеуметтік, әкімшілік нысандардың орналасу жағдайы мен инфрақұрылыммен, оның ішінде, ауыз сумен, газбен, автомобиль жолдарымен, байланыс желілерімен қамтылуы, ағын сумен қамтамасыз етілуі, жер жағдайы, олардың халыққа ыңғайлы болу мәселелерінің барлығы ескерілген.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баршаны Шымкент қаласы тұрғындарының 1 миллионға жетуімен шын жүректен құттықтады.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік өңірін "Тұран" облысы деп өзгерту ұсынылды

Аталған мәселе бойынша Үкімет жанынан құрылған арнайы жұмысшы топпен бірлесе бөлудің экономикалық тиімділігіне, оның облыстың, Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жан-жақты талданды.

Жоғарыда аталған ұсынысты қолдаған халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы облыс әкімдігі қаулысы мен мәслихаттың шешіміне қол қойды.


Жаңалықтар
0