12:12 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Ер адам қыздың отбасына өтемақы төледі, енді сот жазасын жұмсартады деген үмітте

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Алматыда "Сайран" вокзалы маңында қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісі Әнуар Жәнібековтің адвокаты айтқандай, қорғалушысы марқұмның отбасына өтемақы төлеген.

"Айыбын мойындады. Шын көңілден өкінеді. Қазір біз жәбірленуші жақпен бітімге келдік, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындалғанын қалаймыз. Келтірілген шығынның орнын өтедік", — деді адвокат Әлім Мұстапаев сотта тілшілерге.

Оның айтуынша, процестік келісім әлі жасалмаған.

Сот отырысы айыпталушыны уақытылы жеткізбеген соң кейінге қалдырылды.

Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабы бойынша айып тағылған.

Жол апаты биыл 18 сәуірде Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. 126-шы бағдарлы автобус қиылыста жолдан өте бастаған қызды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Кілт сөздер:
Алматы, автобус, жүргізуші, кісі қағып өлтіру
Загрузка...

Басты тақырып