Өңірлер

Шымкентте бір отбасыны жайратқан қылмыскердің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСот балғасы, архивтегі фото
Сот балғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
50 жастағы әйел мен оның екі ұлын өлтірген қылмыскердің ісі Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралады

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Шымкентте ақпан айында бір отбасыны жайратып салған қылмыскердің ісін тергеу аяқталды, деп хабарлады otyrar.kz.

Қазір қылмыстық іс материалдары сотқа өтті. Істі Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қарайды.

Құқық қорғау органдарының қызметкері кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкентте бір отбасын қағып кеткен полицей шартты жазамен құтылды

Еске сала кетейік, Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінен 50 жастағы әйел мен оның екі ұлының мәйіті табылған еді. Қаладағы өндіріс орындарының асханасында жұмыс істеген жалғызбасты әйелдің үлкен ұлы 22 жаста болса, кіші ұлы небәрі 13 жаста болатын. Бүкіл бір отбасын өлтірген күдіктіні тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде Тараз қаласында құрықтады. 

Ол бұрын бірнеше рет сотты болған, марқұм әйелдің үлкен ұлының 26 жастағы танысы болып шықты. Марқұмдардың туыстарының сөзіне қарағанда, үлкен ұлы компьютерлік ойындарға құмар болған. Сөйтіп күдіктіге қарыз болып қалыпты-мыс. Сол қарызының өтеуі бүкіл отбасының өмірі болған десті туыстары. 


Жаңалықтар
0