Өңірлер

Көкшетауда ағайынды екі жігіт есірткі сатумен айналысқан

© Photo : ДВД АстаныНаша
Наша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біреуінің кішкентай баласы бар, екіншісі ата-анасымен бірге тұрады

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Көкшетауда полиция наша сатумен айналысты деген күдікпен екі ағайынды жігітті ұстады, деп хабарлайды Ақмола облыcы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қазақстанда есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Қазақстанда есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды - видео

"Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің назарына 27 және 20 жастағы ағайынды екі жігіт наурыздың соңында түскен болатын. Олардың 7 граммнан астам наша сатқаны анықталды", — деп мәлімет берді полиция.

Күдіктілер мекенжайлары бойынша ұсталыпты. Ағасы отбасын құрған, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар, ал інісі ата-анасымен бірге тұрады.

Полиция үйді тінту барысында есірткі қолдануға арналған құралдар тапты. 

Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар
0