Өңірлер

Маңғыстауда Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салынады

CC0 / Congerdesign / Кітап
Кітап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылы белгілі жазушының 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтеді

АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов келесі жылы белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай өңірде ұйымдастырылатын шаралар жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ералы Тоғжанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоғжанов: Маңғыстау уылдырық үстінде отыр деген ойдан аулақ болыңыздар

"ТҮРКСОЙ деген үлкен ұйым бар ғой, сол жаққа ТҮРКСОЙ көлемінде 2019 жылды Әбіш ағамыздың жылы деп жариялау жөнінде ұсыныс жолдадық. Бүгінде ұсынысымыз үлкен қолдау тауып жатыр. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салуды қолға алдық. Оны осы жылы бастап, келесі жылы аяқтайтын боламыз. Оның ішінде Әбіш Кекілбаев музейі болады. Сондай-ақ жазушыға ескерткіш орнатылады. Ескерткіш Елбасының тапсырмасымен дайындалып жатыр. Биыл "Әбіш оқулары" байқауы басталып кетті. Келесі жылы аталған байқауды халықаралық деңгейде өткізбекпіз. Әбіш ағаның туған ауылы Оңдыға жазушының есімін беру жөнінде де ұсыныс жолдадық. Оның қолдау табатынына сенімдімін. Болашақта "Әбіш әлемі" атындағы халықаралық театрлар фестивалін де ұйымдастырамыз. Бұл тек мерейтой аясындағы іс-шаралардың бастамасы ғана", — деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен брифингте.

Тоғжанов айтулы датаға орай 5 мың данамен 25 томдық шығармалар жинағын шығару жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, 5 мың данамен Әбіш Кекілбаевқа арналған үлкен энциклопедия жарық көрмек.

Жаңалықтар
0