Өңірлер

Қостанайды қар басып қалды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қар жауғанға дейін бірнеше күн бұрын қалада күн жылы болып, ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілген

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қостанайда бейсенбі күні кешкісін аяқ астынан боран соғып, қаланы қар басып қалды, ауа температурасы —5 градусқа дейін төмендеген.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары күтпеген жерден қайта түскен қыстың суреттерін жариялап жатыр.

Бұдан бұрын "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, 14-15 сәуірде Қостанай облысында күннің күрт жылып, қар еруіне байланысты өзендер арнасынан асып, су басу қаупі төніп тұрған еді.

Жаңалықтар
0