Өңірлер

Қарағандыда екі полицей өртеніп жатқан автобустан 51 адамды құтқарып қалды

CC0 / / Автобустың жолаушылары
Автобустың жолаушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар полицейлермен бірге дереу автобустың жүк салатын бөлігін босатып, өртті сөндіруге көмектесті

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысында екі полицей жолда кетіп бара жатқан автобустың өртеніп жатқанын байқап қалып, ондағы жолаушыларды құтқарып қалды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Автобус, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан

Оқиға 28 наурызда болған. Полиция старшинасы Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік полициясы батальон қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Егенов Алматы – Екатеринбург трассасында қызметте жүрген. Олар кешке қарсы келген Neoplan автобусының артқы бөлігі өртеніп жатқанын байқап қалған.  

"Біз ойланбастан кері бұрылып, автобустың соңына түстік. Автобусты тоқтатып, салоннан дереу 51 жолаушыны шығарып, содан кейін өртті сөндіруді бастадық", — дейді Егенов.

Жолаушылар полицейлермен бірге дереу автобустың жүк салатын бөлігін босатып, өртті сөндіруге көмектесті.   

Полицейлердің қырағылығының арқасында адамдар аман қалып, автобус қатты шығынға ұшыраған жоқ.  

Содан кейін полицейлер басқа автобусты тоқтатып, құтқарылған жолаушыларды отырғызып жіберген.   


Жаңалықтар
0