Өңірлер

Әбден ашынған оралмандар Алматыда бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адам дауыс зорайтқышпен сөйлеп тұр, архивтегі фото
Ер адам дауыс зорайтқышпен сөйлеп тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шеруге шығатындар Қытай үкіметінен заңсыз ұстап отырған туыстарын босатуды, оларды қудалауды тоқтатуын талап етпек

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Алматыда наурыздың 30-ы күні Қытайдан келген бір топ оралман қалалық әкімдікке барып, Қытайда қуғын көріп отырған туыстарын қорғау мақсатында бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады, деп жазды centralasian.org. 

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, он шақты оралман Алматы қалалық ішкі саясат басқармасына 8 сәуір күні сағат 10 мен 17 аралығында "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы саябақта бейбіт жиын өткізуді сұрап хат тапсырды. Өтініш берушілер хатта бейбіт жиынға мың шақты адам қатысады деп көрсеткен.

Оралмандар, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Өзін Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алдым деп таныстырған Дәулетбек Ерболдың айтуынша, Қытайға кеткен 75 жастағы анасының тұлқұжатын Қытай билігі тартып алып, қайтарып бермей, сергелдеңге түсірген.

— Ол жақтағы адамдар да, олардың бұл жақтағы туыстары да зардап шегіп жатыр. Ол жақтағы қазақтардың құжатын тартып алып, қамап, саяси үйрену сабақтарына жіберіп жатыр. Не үшін ұстап отыр, бір себеп болуы керек қой. Біз шеруге шығамыз, Қытай дипломаттары келіп жауап берсін, — деді Ербол Дәулетбек.

Наразы топ бұған дейін әкімдікке бейбіт шеру өкізуге рұқсат сұрап екі хат жазғанын, бірақ екі өтініштері де орындалмағанын айтады.

— Алғашқы өтініште митингіні Қытай консулдығы алдында өткізуге рұқсат сұрағанбыз. Бірақ әкімдік ол жерде митинг өткізуге болмайды деп, шеруді "Сарыарқа" кинотеатрының артында өткізуді ұсынды. Сосын "Сарыарқаның" артында өткізуді сұрап екінші рет хат жазғанда өтініш берушілердің жеке бас мәліметтері дұрыс емес деп кері қайтарды. Осы арызымызда барлық ақпаратымызды толықтырып әкеліп тұрмыз, — деді Ербол Дәулетбек.

Жиналғандар бейбіт шеруде Қытай үкіметінен сол елде заңсыз ұстап отырған туыстарын босатуды, оларды қудалауды тоқтатуын және Қытай билігінің Қазақстанға көшкісі келетін қазақтарға рұқсат беруін талап ететінін айтады.

Оралмандар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент елге оралмақ қандастарды əрі-бері сабылтпауды тапсырды

Хатты әкімдік қызметкері Ақерке Әбдіқадырова қабылдап алды. Оның айтуынша, хатқа 15 күн ішінде жауап берілмек.

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар 2017 жылғы сәуір айынан тарай бастаған. Шыңжаңда ұсталғандар арасында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар.


Жаңалықтар
0