Өңірлер

Павлодар облысында анаконданың суретіне түсініктеме берілді

© Sputnik / Устинов / Медиабанкке өтуЖыланның архивтегі фотосы
Жыланның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде ауыл тұрғындарының анаконда ұстап тұрған суреті таралып жатыр

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында Лебяжі ауданының тұрғындары Ертістен анаконда ұстап алғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы осы ауданға қарасты "Черное" орман шаруашылығының орманшысы Арман Базилий хабарлады. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде таралған суретте бейнеленген адамдар Лебяжі ауданындағы өзі тұратын Жаңатаң ауылының тұрғындары емес.   

© Photo : WhatsAppПавлодар облысында ұсталынды делінген анаконданың фотосы
Павлодар облысында ұсталынды делінген анаконданың фотосы - Sputnik Қазақстан
Павлодар облысында ұсталынды делінген анаконданың фотосы
 

"Менің жерлестерім Ертістен ешқандай анаконда ұстаған жоқ", — деп мәлімдеді Базилий.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Қазақстанда анаконда ұсталғаны туралы хабарлама тараған болатын. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.    


Жаңалықтар
0