Өңірлер

Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөпқабатты үй
Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімнің шатырға қалай шыққаны белгісіз, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Агенттіктің ресми сауалына полиция ведомствосы жауап бергендей, 16 жастағы баланың денесі 2018 жылдың 27 ақпанда Павлодарда Жаяу Мұса көшесінде орналасқан үй маңынан табылған. 

Бастапқы деректер бойынша, үйдің төбесінен құлап кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Жаңалықтар
0