Өңірлер

Шымкентте бет-аузының сау-тамтығы қалмаған жігіттің мәйіті табылды

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAМәйітхананың архивтегі фотосы
Мәйітхананың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындар теміржол бойында 30-35 жастағы жігіттің мәйіті жатқанын көріп қалған

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Шымкентте жаяу жүргіншілер бүгін таңертең бет-аузы мен денесінен ауыр жарақат алған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлады  TVK арнасы.

Қоқыс контейнері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда қарт адамның бөлшектелген мәйіті табылды
Мәйіт Рашидов және Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын жердегі теміржол бойында жатқан. Ер адам шамамен 30-35 жаста.  

Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Өлімге не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ер адам пойыз астына түсіп қалуы немесе оны біреу пойыздан құлатып жіберуі мүмкін. Қаза болған жігіт үйсіз-күйсіз жүрген адамға ұқсамайды.  


Жаңалықтар
0