Өңірлер

Екі жастағы сәби аязда әжесін балконға қамап тастаған

© Photo : paolatinaБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт әйел сырт киімсіз қақаған аязда жарты сағат бойы тұрған

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Аязда балконға қамалып қалған қарт әйелді құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Жеке үйдегі өрт, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада үш балалы отбасы аязда далада қалды

Ведомство мәліметінше, Пришахтинскіде екі жастағы бала алпыс бестегі әжесін үшінші қабаттағы балконға қамап тастағаны туралы хабар келген.

Департаменттің мәліметінше, ересектер балконға шыққан кезде артынан кішкентай сәбилер де ілесіп, кейін балконның есігін байқаусызда жауып алатын жайттар жиі кезігіп тұрады.

Бұл жағдайда екі жастағы сәби пәтерде жалғыз қалыпты, ал әжесі газ пеште тамақ әзірлеп жатқан екен. 

Құтқарушылар жарты сағаттай балконда сырт киімсіз тоңып тұрған қарт әйелді шығарып алды, әжейге дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.

Жаңалықтар
0