Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда 16 жыл бойы іздеуде болған қарақшы Шымкенттен табылды

© AFP 2024 / Thomas SamsonКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер қазір уақытша ұстау изоляторында отыр

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері 16 жыл іздеуде болған қарақшыны Шымкентте ұстады, деп хабарлайды облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қолында пышағы бар ер адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда қаруы бар екі қарақшы ұсталды

"2001 жылы Тайынша аудан орталығындағы үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалған. Бір топ тұлға құны үш миллион теңгеден астам тауарды иемденіп кетіпті. Полиция алты қарақшыны бірден ұстап, біреуі қашып кеткен болатын", — деп түсіндірді ІІД.

Жедел іздеу шаралары барысында іздеудегі тұлға жақында Шымкент қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтар
0