Өңірлер

Сапарбаев әлеуметтік желіде жауап бермейтін шенеуніктерді сынға алды

© Photo : пресс-служба акима ВКОБердібек Сапарбаев. Архивтегі фото - рекадр
Бердібек Сапарбаев. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысы халықтың мұң-мұқтажына құлақ аспайтын шенеуніктерді сынға алып, қаражатты игермеген басшыларды жазалауды тапсырды

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2017 жылғы бюджеттің орындалуына қатысты жиында әлеуметтік желіде халықтың сұрағын көзге ілмейтін шенеуніктерді сынға алды.

мұнай өндіру, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды
"Біз әр апта сайын жиналыс өткізіп, бюджеттің игерілуін тармақтар бойынша қарастырдық. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінген қаражатты жүз пайыз игеру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Алайда, бұл тапсырма толық орындалған жоқ",-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы себебін анықтап, қаражаттың игерілмей қалуына жауапты мемлекеттік органдардың басшыларын жазалауды тапсырды.  

 Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы өзінің орынбасарлары мен мемлекеттік органдар басшыларының назарын халықтың әлеуметтік желілерде көтерген мәселелерін шешуге аударды.

"Аталған жұмыс нашар жүргізілуде. Халықпен кері байланыс жоқ. Адамдар көкейкесті мәселелерінің шешімі табылады-ау деген үмітпен жазады, бірақ үндеулердің дені жауапсыз қалады. Талдау халықтың көп ретте баспана, жол мен жол инфрақұрылымы, жұмысқа орналасу, газдандыру, қоғамдық көлік жұмысы, көшені жарықтандыру мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беруге байланысты сұрақтарды көтеретіндерін көрсетті",-деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі сондай-ақ өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканы цифрландыру, бөлінген жер теліміні пайдалану, құрылыс индустриясын дамыту, білікті мамандарды даярлау, даму институттарымен ынтымақтастықты жандандыру, экономика өсімінің қарқыны мен халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.


Жаңалықтар
0