Өңірлер

Семейде ХҚКО-дан шыққан ер адам жоғалып кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМужчина смотрит из окна на улицу
Мужчина смотрит из окна на улицу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туысқандары 54 жастағы Марат Жаппаровты осымен жетінші күн іздеп жатыр

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Семейде 13 желтоқсан күні ХҚКО-дан шығып, сол күйі хабарсыз кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

Үндістан, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек жоғалып кетті

"Сол күні әкем екеуміз орталық халыққа қызмет көрсету орталығына мекенжай анықтамасын алуға бардық. ХҚКО-дан шыққаннан кейін, әкем үйге қарай кетті. Ол сол жағалауда, Жаңа құрылыс ауданында тұрады. Осыдан кейін біз оған мүлде хабарласа алмадық. Оның жоғалып кетуіне ешқандай себеп жоқ. Бар білетінім, сол күні өзімен бірге 14 мың теңге ақшасы болған. Полицияға өтініш жаздық. Қала тұрғындарынан әкемді табуға көмектесуін сұраймын", — деді жоғалған ер адамның ұлы Айбек Жаппаров. 

ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер жедел іздестіру шараларын бастап кеткен. "Rina.KZ Семей" еріктілері ер адамның суретін әр жерге жабыстыруды жоспарлап отыр. 

Жоғалған күні ер адамның басында қара түсті бас киім, үстінде сұр куртка, көк джинсы шалбары мен аяғында қара бәтеңке болған. 

© Photo : ustinka.kzСемейде ер адам жоғалып кетті
Семейде ер адам жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан
Семейде ер адам жоғалып кетті
Марат Жаппаровты көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8-747-062-22-50 (ұлы Айбек), 8-747-349-57-17 ("Rina.KZ Семей" еріктісі Евгения Павел) немесе 102.


Жаңалықтар
0