Өңірлер

Петропавлда жылдам әзірленетін кеспе зауыты ашылды

© Sputnik / Елена БережнаяЖылдам әзірленетін кеспе зауыты
Жылдам әзірленетін кеспе зауыты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зауыт бір сағатта екі тонна өнім шығарады

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Петропавлда жылдам әзірленетін кеспе зауыты ашылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан әкімінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Құмар Ақсақалов "РимҚазАгро" ЖШС жылдам әзірленетін өнім шығарушы жаңа кешенді іске қосты. Бұл индустрияландыру бағдараламасының кезекті жобасы болатын.

Кеспе жасайтын зауыттың қуаты – сағатына екі тонна өнім. Басым көпшілігі Ресейге экспортқа шығарылмақ. Зауытта 58 адам жұмыспен қамтылды. Өнімді даярлаудағы негізгі компонент – отандық ұн. Инвестицияның жалпы көлемі – 1,1 миллиард теңге.

Жаңалықтар
0