Өңірлер

Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр

© Sputnik / Серикжан КовланбаевФурманов көшесі
Фурманов көшесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын Назарбаев даңғылы деп өзгерту туралы шешім қарашаның соңында қабылданды

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Назарбаев даңғылынан алынып тасталған, ескі атау жазылған тақтайшалар қоқыс жәшігінде жатыр. Қоқыста жатқан тақтайшалардың суреті ВКонтакте желісіндегі "Типичная Алма-Ата" тобында жарияланған.

© Photo : ВКонтакте желісіндегі "Типичная Алма-Ата" тобыЕскі атау жазылған тақтайшалар
Ескі атау жазылған тақтайшалар - Sputnik Қазақстан
Ескі атау жазылған тақтайшалар

Жарияланған суреттің астындағы пікірлер арасында осы сәтті пайдаланып, ескі атау жазылған тақтайшаларды естелікке алып қалайық деп ұсыныс айтқандар болды.

Фурманов көшесінің атауын өзгерту шешімі 30 қараша күні Алматы мәслихаты сессиясында қабылданған еді. Қала әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, зиялық қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары, әсіресе жастар тарапынан Назарбаевтың есімін мегаполистегі басты көшелердің бірі Фурманов көшесіне беруді ұсынған.

Жаңалықтар
0