Өңірлер

Алматы билігі "Көк-Жайлау" шипажайы жобасын қайта қолға алады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКөк-Жайлау
Көк-Жайлау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта инфрақұрылымы желілерін жүргізу қолға алынды

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Алматы билігі "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы құрылысынжалғастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Almaty Invest форумында сөз алған Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев "Көк-Жайлау" жобасының маңызды мәртебесі туралы айтып берді. 

"Көк-Жайлау жобасы іске асырылып жатыр. Бүгінде біз климаттық жағдайды ескере отырып, тиісті техникалық – экономикалық негіздемелерді дайындап жатырмыз", — деді Алмас Мәдиев. 

Шенеуніктің айтуынша, мәселенің құны өте жоғары. Бұл қала үшін үлкен инвестициялар көзі және қала билігі шетелдік инвесторлар тартуды талқылап жатыр. Қазіргі уақытта Еуразиялық даму банкімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

2014 жылы басталған "Көк-Жайлау" жобасы қоғамдық пікір-талас тудырған еді. Алматы қаласы тұрғындарының қолдауымен экологиялық және құқық қорғау ұйымдарды бұл шатқалда құрылыс жұмыстарын жүргізу  тұтас экожүйеге зардап тигізетінін алға тартқан болатын. Алайда, сот арқылы бұл айтылған жағдайлардың бірін де дәлелдеп шығу мүмкін болмады. 
2015 жылы күзде Алматы әкімдігі "Көк-Жайлау" шипажайы құрылысын тоқтату туралы ақпарат таратты. Кейін жобаның жағдайы туралы қарама-қайшы мәліметтер түсіп жатты. 
2016 жылдың басында Алматы әкімі Бауыржан Бәйбектің сөзімен айтқанда, В начале 2016 года было получено официальное подтверждение заморозки проекта, по формулировке акима Алматы Бауыржана Байбека − "қоғамдық пікірді ескере отырып" жобаны тоқтату ресми түрде расталды. Алайда бүгінгі таңда жобаны жүзеге асыру мақсатында инвесторларды іздеу істері жүзеге асырылып жатқаны анықталып отыр. 

Жаңалықтар
0