Өңірлер

Психикалық науқас пышақтаған учаскелік инспектор 4 литр қан жоғалтты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚолына пышақ ұстаған ер адам
Қолына пышақ ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкері үшін қажетті қанды Қостанай облысы аудан орталығы тұрғындары тапсырды

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысы Сосновский ауылдық округінің учаскелік инспекторы психикалық науқастың қолынан зардап шекті. Ол тәртіп сақшысын пышақтағаны салдарынан учаскелік полицейдің ішкі ағзаларына зақым келіп, Меңдіқара аудандық ауруханасына жеткізіледі. 

Оқиға 16 қыркүйек күні болған. Алайда, ол туралы ақпарат қазір, яғни, зардап шеккен азамат ауруханадан шыққан кезде белгілі болып отыр.

16 қыркүйек күні учаскелік инспектор ауылға медицина қызметкерімен бірге келіп, Харковское ауылының психикалық науқас тұрғынының үйіне,оны ауруханаға жатқызу мақсатында келеді. Науқан адаммен жеке қалған инспектор оның қолынан зардап шегеді. 

 

 

 


Жаңалықтар
0