АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қарағанды тұрғыны Сергей Каубре үйінің ауласынан қоқиқаздың балапанын тауып алған. Ер адам балапанды үйіне кіргізіп, кейін мамандарға апарып берген, деп жазады Қарағанды облысы әкімдігі сайты.
"Адамның үйіне келу себебі – қатты шаршап, көмекке мұқтаж болған ғой. Құстың тоңып қалғаны көрініп тұр, жылытқышты қосып едік, біраз өз-өзіне келіп қалды", — дейді облыстың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжанов.
© Photo : Қарағанды облысы әкімдігі сайтыҚоқиқаздың балапаны
Қоқиқаздың балапаны
© Photo : Қарағанды облысы әкімдігі сайты
Қазір де қоқиқаздың балапаны Қорғалжын мемлекеттік қорығына жеткізілді.