Өңірлер

Алматыда тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы ауруханада жатыр

© Sputnik / Юлия КузнецоваАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол 11 қыркүйекте ауруханаға түскен, жағдайы бір қалыпты

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы №2 қалалық ауруханада жатыр.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жалдамалы пәтерде екі баланың мәйіті табылды

"Баланың жағдайы бір қалыпты", — деп дәрігерлер мәлімет берді.   

Кеше Facebook парақшасында Светлана Высочкина жазғандай, 11 қыркүйекте Алматының №2 балалар ауруханасына үш жасар бала жеткізілген. Ол далада үш күн бойы түнеген болуы мүмкін. 

"Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бала далада үш күн бойы жүрген. Медеу ауданында табылды. Өзі сөйлемейді, атын да білмейді", — деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, Түріксіб ауданы пәтерлерінің бірінде тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Бұған дейін осы пәтерді үш баласы бар әйел адам жалдап тұрыпты.  

Кейінірек Алматы полициясы екі баланы өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен, балалардың анасымен бірге тұрыпты. Сонымен бірге, ер адаммен қатар ұсталған балалардың анасы да тергеліп жатыр.

Жаңалықтар
0