23:03 21 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.95
  • EUR495.12
  • RUB6.00
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Аймақтарда дауылды алдын ала ескерту хабары таратылды

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik.  "Казгидромет" хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында желдің күшеюіне қатысты алдын ала хабар таратылды.

Астанада 10 қыркүйектің таяу сағаттарында және 11 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 м. болады.

11 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұршақ жауы ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м. күндізгі уақытта секундына 23-28 м. дейін жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м. болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-20 м. жетеді.

Алматы облысында 11 қыркүйек күні жауын жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м. болса, күндіз желдің күші 25 м. дейін жетеді. 

Қостанай облысында желді күші басқа аймақтарда тәрізді секундына 15-20 м. жетеді.


Загрузка...

Басты тақырып