21:44 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Жаркент түбіндегі ұшақ апаты (4)
86 0 0

Ұшақтың құлау себептері тергеу нәтижесінде анықталады

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. ҚР бас көліктік прокуратурасы Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлауы туралы пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан. Жолаушы, бастапқы деректер бойынша, шаруашылық қожалығының өкілі.

Көліктік прокуратура ҚР инвестиция және даму министрлігіне сілтеме жасап, ұшақтың тиісті рұқсатнама құжаттары болғандығын, әуе навигациясы органдарымен келісе отырып, ұшқандығын мәлімдеді.

Оқиға бойынша бастапқы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Инвестиция және даму министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу туралы бұйрық дайындауда, соның аясында ұшақ апатының себебі анықталады", — деді ведомство.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты. 

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.  

ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі.

Тақырып:
Жаркент түбіндегі ұшақ апаты (4)
Загрузка...

Басты тақырып