Өңірлер

Бизнесменнің отбасына қарақшылық шабуыл жасаған Шу тұрғыны ұсталды

© AP Photo / Patrick SemanskyКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол тоғыз ай бойы жасырынып жүрген

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында топ болып, қарақшылық шабуыл жасаған Шу қаласының тұрғыны "Іздеу" операциясы аясында табылып, ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда "Альфа банкті" тонаған екі күдікті ұсталды

Жамбыл облысының жиырма алты жастағы тұрғынын Райымбек ауданы ІІБ қызметкерлері ұстады. Ұсталған ер адам қамауға отыр.   

2016 жылы қазанда күдікті бір топ адаммен бірігіп, Нарынқол ауылындағы кәсіпкердің отбасына қарулы шабуыл жасаған. Үйден зергерлік бұйымдар, оқ ататын қару және 4 миллион теңге тоналыпты.

Полиция атап өткендей, күдіктінің сыбайластары ізін суытпай табылып, жауапкершілікке тартылған.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 291-бабы 3-бөлігі бойынша жалғасуда.

Жаңалықтар
0