Өңірлер

Алматы маңында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байсерке станциясында ер адам тиісті емес жерден теміржолды кесіп өтпек болған

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Алматы түбінде ер адам пойыз астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Теміржол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана маңында ер адам пойыз астына түсіп көз жұмды

Қайғылы оқиға Байсерке станциясында болған. Семей-Қызылорда жолаушылар пойызының машинисті шұғыл түрде тоқтағанымен, пойыз адамды қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Жаңалықтар
0