Өңірлер

Бір отар қоймен бірге өртеніп кеткен шопан өлімінің мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Р. Мангасарян / Медиабанкке өтуШопан
Шопан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Далада шыққан өрт кезінде 1406 бас ұсақ қара мал өртеніп кеткен

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Қостанай облысы Жангелдин ауданында өрісте бір жарым мыңға жуық қой мен шопан жай түсу салдарынан өртеніп кеткен. Прокуратура Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. 

Қостанай облысында шопан мен бір жарым мың қой қаза болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында шопан мен бір жарым мың қой өртеніп кетті

Ведомство хабарлағандай, 6 шілде күні өрісте қой бағып жүрген шопанға жақын жерге найзағай түседі. 

Салдарынан далада өрт шығып, лаулап кеткен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер "Айдос" шаруа қожалығы жұмысшысының денесі мен жанып кеткен 1406 бас ұсақ қара малды тапқан. 

"Бастапқы болжам бойынша, мал мен шопан өрттен шыққан түтінге тұншығып қалған", — деп хабарлады дереккөз. 

Сот алды тергеу ісі жүргізілуде, қайғылы оқиғаның салдарымен жұмыс жалғасып жатыр. 

Жаңалықтар
0