Өңірлер

Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуСабан той
Сабан той - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Татарстан президенті Рустам Минниханов бастаған делегация Қостанайдағы сабан тойға келеді

АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. РФ Татарстан Республикасы президенті Рустам Минниханов 8 шілде күні Қостанайға келіп, жергілікті тұрғындарды сабан той мекересімен құттықтайды.

Қазақстанның түпкір-түкпіріндегі татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері "Қостанай-Қазан-Сабан той-2017" мерекесіне қатысу үшін Қостанай қаласына келеді. Мейрамның орталығы Қостанайдың жаңа жағалауында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы паркінде болады. Мұнда спорттық жарыстар, ұлттық ойындар өткізіліп, әртістер концерт қоймақ. 

Бұл күні парк аумағында татар сарайының тарихи үлгісі тұрғызылады. Ал сабан тойға қазандық әртістер келіп, өнер көрсетпек. 

Жаңалықтар
0