Өңірлер

Желіде полиция көлігі бастаған той кортежінің видеосы шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде үйлену тойындағы көліктердің салтанатты шеруін полиция көлігі бастап жүрген

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik.Куәгерлер полиция көлігі бастап, басқа көліктер соңынан ерген той кортежін видеоға түсіріп алыпты. Оқиға, болжам бойынша, Ақтөбе облысында болған.

Видеоны Instagram желісіндегі zello.aktobe тобында қолданушы Динара Қожа жариялаған.

"Шалқардың жергілікті учаскелік полицейі той кортежін бастап келеді. Тамыр-таныстық пен ақша бәрін шеше ме?! Өзгелерден асып түсіп, жұртты қайран қалдыруға тырысуды қашан қояр екенбіз? Араларында тәртіп сақшысы да жүр", — деп жазады автор.

Видеода анық көрінгендей, лимузиндер мен жол талғамайтын көліктерден құралған кортеж сигналдатып, қарсы бағытта келе жатқан жүргізушіге жол бермей келеді.

Жаңалықтар
0