Өңірлер

Шығыс Қазақстанда автобустың жолақысы жүрген қашықтық бойынша төленуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлік билетінің бағасы жол жүру қашықтығына байланысты болады

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Өскемен мен Семейде қоғамдық көліктерде жолақыны километраж бойынша төлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп жазады өңірлік YK-news.kz басылымы.

Түнгі Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада түнгі автобус бағдары іске қосылады

Шығыс Қазақстанның басты қалаларында қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту көзделген, дәлірек айтқанда, автобустың жолақысын жүріп өткен километр бойынша төлеу енгізілмек. Яғни, жолаушы өзі жүріп өткен қашықтық үшін ғана ақы төлейтін болады.

Еуропалық реконстуркция және даму банкінің инфраструктура департаменті директорының орынбасары Бахтиер Файзиевтің сөзіне сүйенсек, жоба бір айдан соң талқыланады.

"Кеше Астанада көлік комитеті төрағасымен кездесіп, үкімет тарапынан қолдау көрсетілуін өтіндім", — деді Файзиев.

Жаңа жүйе туралы бұдан бөлек мәлімет жоқ.

Жаңалықтар
0