12:43 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (33)
458 0 0

Астанадағы су қоймасы үш күн ішінде толып қалып, оның бұзылу қаупі бар

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Астана су қоймасы бұзылуы мүмкін, сондықтан шұғыл тиісті шараларды қолға алу керек деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Министр баяндағандай, Астана су қоймасындағы судың күрт көтерілуіне байланысты Ақмола облысындағы Аршалы ауданындағы бір елді мекенді су басқан.

"Елорданы, қала маңындағы елді мекендерді су басуына жол бермеу мақсатында, Астана су қоймасына тасқын су құйылмауы үшін шаралар қолға алынды. 132 млн текше метр суды қайтарып алдық. Оның шекті нормасы – 450. Астана су қоймасынан судың көтерілуі сақталса, контрреттегіш үш тәулік ішінде толып қалып, оның бұзылу қаупі туындайды", — деді Қасымов үкімет отырысында.

Осыған орай, оның айтуынша, Астана және төменде орналасқан Ақмола облысының елді мекендері арқылы судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қажет.

"Бұл мәселені кешеден бері Ауыл шаруашылығы министрлігі және Астана әкімімен қарастырып жатырмыз", — деді министр.

Тақырып:
Су тасқыны (33)
Загрузка...

Басты тақырып