Өңірлер

Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

© REUTERS / Essam Al-SudaniМұнай алу
Мұнай алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер жалған құжат жасап, шекарадан 100 тоннадан астам мұнай алып өтпек болған

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстан және Ресей азаматтарынан құрылған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың он төрт мүшесі Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды "Мой город" жергілікті басылымы.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша күдіктілер екі айға қамауға алынды

Қылмыстық топ 14-15 сәуірде Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті мен прокуратура бірлесіп жүргізген жедел-іздеу шаралары барысында ұсталыпты. Құқықбұзушылар жалған құжаттар жасап, алты жүк көлігімен 100 тоннадан астам мұнайды мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.

Аталған деректер бойынша облыстық ҰҚК департаменті сот алды терегу ісін бастады.

Жаңалықтар
0