Өңірлер

Қарқаралының "ақылды" сиырлары қалың қар астына тығылады

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында Facebook желісінде қар астындағы апанға түсіп бара жатқан сиырлар туралы бейнежазба пайда болды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Facebook желісінде сиырлардың қар астына түсіп бара жатқаны туралы бейнежазба кең таралып кетті. Бейнежазбаға берілген сипаттамада мұның биыл көктемде Қарқаралыда түсірілгендігі айтылған. Төмендегі жазбада: "Байғұс сиырлар. Қандай ақылды өздері…"

Момын жануарлар бірінің артынан бірі асықпай қар жамылған шұңқырға түсіп барады. Болжам бойынша, бұл қар астында қалған қора болса керек. 

Алайда, "Қазгидромет" синоптиктерінің сөзіне сүйенсек, Қарағанды облысында соңғы күндері қалың қар жауған жоқ, соған қарағанда бейнежазба ертеректе түсірілген сияқты.

Жаңалықтар
0