АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Ақмола облысындағы шахтада екі қара алтын іздеуші көз жұмды, бір адам ауруханаға түсті деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Оқиға 22 қаңтар күні түнде Ақсу ауылы "Қазақалтын" ТКК АҚ №38 шахтасында болды.
"Шахтада құлау кезінде белгісіз жағдайларда екі заңсыз алтын іздеуші қаза тапты. Үшіншісі ауруханаға жатқызылды", — деп мәлімет берді ТЖД.
ТЖ анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтауда.