22:26 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Полиция қыздың неліктен ешкімге айтпай бөгде қалаға кетіп қалғанын анықтауда

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Ақмола облысында мектептен қайтып оралмаған 16 жасар оқушы қыз Оңтүстік Қазақстан облысында табылды деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Sputnik агенттігіне хабарлағандай, Целиноградтық АІІБ-на 16 жасар оқушының ата-анасы арыз берген. 19 қаңтар күні 2000 жылы туылған қыздары таңертең мектепке кеткен соң қайта оралмапты. 

Полиция іздеу жұмыстарын бірден бастап кетті, жоғалып кеткен қыз туралы бағыттамалар жан-жаққа жіберілді. Жедел қызметкерлер оқушының достары мен жақындарынан жауап алды.

"Жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған қыз Шымкенттен табылды. Бастапқы мәлімет бойынша, оқушы 19 жастағы жігітімен кетіп қалған, оқиғаның мән-жайы анықталуда", — дейді агенттікке сұхбат беруші.

Загрузка...

Басты тақырып