Өңірлер

ШҚО-да ескі сөмкенің кесірінен көп қабатты үй қоршауға алынды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚоршау
Қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскеменде ескі сөмке көппәтерлі үй тұрғындарының үрейін ұшырды

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары баспалдақта жатқан күдікті сөмке туралы полицияға хабарлады деп жазады жергілікті жаңалықтар порталы YK-news.kz.

Өскеменде автокөлік пен трамвай соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өскеменде трамвай автокөлікті қаққа бөліп түсіре жаздады

Оқиға орнына келген полиция үйді түгелдей қоршап, сөмкенің ішінде не барын тексерген. Сөмкеде қауіпті ештеңе жоқ болып шықты. Ескі сөмкені үй тұрғындарының бірі тастауға қимай, біреу алып кететін шығар деп баспалдаққа қойып кеткен екен. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті затты подъезде қалдырып кеткені үшін қала тұрғыны жауапқа тартылмайды.

Жаңалықтар
0