Өңірлер

СҚО-да қырық градустық аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуаяз
аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ облыста барлық бағыттар бойынша жолдар жабық

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қырық градустық аязға байланысты дауылды ескерту жарияланып, барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазгидромет" РММ деректеріне сәйкес, 21 желтоқсан күні түнде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 35-40 градустық қатты аяз болады деп күтіледі.

"Қатты аяздарға байланысты 1-11 сыныптарда сабақтар тоқтатылды. Жолдар барлық бағыттар бойынша жабық. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етіп, ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады", — деп ақпараттандырды ТЖД.

Түн жарымына қарай ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеді. 


Жаңалықтар
0