Өңірлер

Ер жүрек: көлік апаты кезінде өз өмірін құрбан еткен ер адам марапатталады

© Photo : Фото очевидцев из соцсетейАстана - Щучинск тас жолында болған апат
Астана - Щучинск тас жолында болған апат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше күн бұрын Ақмола облысында тас жолда жойқын көлік апаты орын алды; ер адам зардап шеккендерге көмектесемін деп өзі де ажал құшты.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысындағы жол апатының мән жайы: ер адам өмірін құрбан етті
АСТАНА, 9 жел – Sputnik. "Халық сүйіктісі" ұлттық марапаттауының аясында "Ер жүрек" сыйлығы Астана-Щучинск тас жолында өз өмірін құрбан еткен Құмарбек Жәкетайдың туған-туыстарына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

"Бұл өте құрметті марапаттау. Осымен үшінші жыл ұсынылып отыр. Бірінші жылы өрт  сөндірушіге берілді, екінші жылы – депутат Бақытбек Смағұловқа ұсынылды. Биылғы жылы кімге ұсынарымызды ойланып жатқанда, қайғылы оқиға орын алып, әділ қазылар бір ауыздан шешім қабылдады. Бұл сыйлықты Құмарбек Жәкетайдың отбасына ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ, аукционнан түскен қаражаттың бір бөлігін марқұмның жанұясына береміз", — деп хабарлады марапаттау ұйымдастырушысы Ғалым Байтүк Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жаңалықтар
0