02:15 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Ақтауда екі ай бұрын зорланған қыздың хәлі әлі күнге дейін ауыр.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik.  Ақтау қаласында зорланған алты жасар қызды емдеуге герман профессоры шақырылды деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Министрдің айтуынша, баланың жағдайы әлі күнге дейін өте ауыр, сол себепті денсаулығына қатысты ешқандай болжам бере алмайды. 

"Қазір герман әріптесіміз профессор Хенсені көмекке шақырып отырмыз. Ол қыздың денсаулығын тексеріп, консультация береді", — деді Дүйсенова үкімет отырысынан кейін.

Қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер  ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді.

Загрузка...

Басты тақырып