16:17 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
43 0 0

Танымал адамдардың да жеке өмірі жеке болып қалуы тиіс. Журналист әрқашан әдеп нормаларын сақтауға міндетті, қиын жағдайға тап болған адамды аяқтан шалмау керек – SputnikPro сарапшысының ұсыныстары

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Ресейлік танымал журналист, тележүргізуші және спорт комментаторы, сондай-ақ "Россия сегодня" медиа тобының атқарушы директоры Василий Конов жақын шетелдердің журналистеріне спорттағы спорттық емес жанжалдарды қалай жариялау керектігін айтып берді.

"Дзюбаға қатысты айтар болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңде видео иелері – қылмыскерлер блогерлерге, телеграмшыларға, бұқаралық ақпарат құралдарына ықпалды адамдарға осы видеоны сатып алуды ұсына бастады. Есі дұрыс адамдардың ешқайсысы бұл видеоны эксклюзивті негізде жариялауға сатып алуға келіспеді. Өйткені бұл жағдайда қылмысқа серіктес болып кететінін бәрі түсінеді", - деп атап өтті ол.   

Сонымен бірге Василий Конов қылмыскерлер жасаған қылмысы үшін – жеке өмірге араласқаны үшін заң алдында жауап беруі керек деген пікірде.  

Кейінірек видео чаттар, Telegram каналдары және әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарала бастады.

"Осы кезде ол бірден БАҚ-та жарияланып кетіп, біз бірінші мәселеге тап болдық: оны жариялау қажет пе еді, өйткені осылайша сіз белгілі бір дәрежеде заң бұзған қылмыскерлерге алаң ұсынасыз", - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, көптеген БАҚ интимді видео шыққан сәттен бастап таңертеңге дейін дамыл көрмеген.

"Бірақ Р-Спорт, Чемпионат және басқа да танымал басылымдар видео туралы жаңалық жарияламады, олар Артем Дзюба өзінің Instagram парақшасын осы жағдайға байланысты жауып тастағанын ғана хабарлады. Sports.ru ресми ақпарат – Станислав Черчесовтың мәлімдемесі пайда болғанға дейін үнсіз қалды. Бұл болған жағдайға алғашқы ресми реакция болды", - деді Василий Конов.

Осыған қарамастан, Ресей құрамасының капитанына қатысты жағдайды "толықтай жариялаған" ресурстар болды.

"Бұл жерде бір нәрсе маңызды: БАҚ қылмыскерлерге көмектесе бастағанда, шын мәнінде БАҚ сыбайласқа айналады. Сондықтан, видео үзіндісін, видео скриншотын көрсету, менің ойымша, шектен шыққандық, оған жол беруге болмайды", - деп баса айтты спикер.

Бұл жағдайда Василий Конов кәсіби әдеп шеңберінде өте қиын жағдайға тап болған спортшыға құрметпен қарауға кеңес береді. Оның пікірінше, журналистерге заңгерлердің немесе қылмыскерлердің құрбаны болған жандарды қандай да бір жолмен қорғап жүргендердің пікірін жариялауға болады.

SputnikPro білім беру жобасының жиырма сегізінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

Загрузка...

Басты тақырып