Астанадағы сенбілік кезінде Sputnik Казахстан қызметкерлері ағаш отырғызды

© SputnikАстанадағы сенбілік кезінде Sputnik Казахстан қызметкерлері ағаш отырғызды
Астанадағы сенбілік кезінде Sputnik Казахстан қызметкерлері ағаш отырғызды - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 16 қыркүйек, Sputnik баспасөз қызметі. Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі мен радиосының қызметкерлері "Астана – таза қала" ("Астана – чистый город") атты жалпы қалалық сенбілік кезінде ағаш отырғызды. 

"Астана – таза қала" атты жалпы қалалық сенбілік 2017 жылы 4 қыркүйек мен 4 қазан аралығында Астана қаласының аумағын тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын қамтитын күзгі экологиялық айлық аясында өткізіледі.   

"Кеше біз агенттіктің бір жылдығын атап өттік. Бізге келіп түскен барлық құттықтаулар мен сыйлықтар үшін алғысымыз шексіз. Sputnik Казахстан экологиялық акцияларды қолдауға әзір. Туған күнімізге орай біздің қызметкерлер өзімізге, сондай-ақ қалалықтарға сыйлық жасап ағаш отырғыздық", — деді Sputnik Казахстан бас редакторы Динара Досмұхаметова. 
Ағаштар елордасының  сол жағалауындағы жаңа аллеяда отырғызылды. Қалалық билік өкілдерінің мәліметі бойынша, аталған шараға 90 мыңға жуық астаналықтар қатысып, сенбілік кезінде барлығы 18,5 мың ағаш отырғызылды. 
Sputnik Казахстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.
Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.

Жаңалықтар
0