06:04 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Баспасөз орталығы
Қысқа сілтеме алу
Ауғанстандағы жағдай (34)
37 0 0

"Еуразиялық мониторинг" сараптамалық зерттеулер орталығы Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, "Аргументі и факты Казахстан", Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің қолдауымен эксперттік отырыс өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. 16 қыркүйекте сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында" Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты Ауғанстандағы жағдайды бағалау" атты халықаралық сарапшылық отырысын өткізеді.

Отырыс Қазақстан, Ресей, Қырғызстан сарапшыларының қатысуымен өтеді. Шараны Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, "Аргументі и факты Казахстан", Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің қолдауымен "Еуразиялық мониторинг" Аналитикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырып отыр.

Шараға қатысушылар:

Қазақстан

  • ЕРМЕКОВ Айдар Тұрсынбайұлы, "Аргументы и Факты Казахстан" шолушысы (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
  • МАРМОНТОВА Таисия Викторовна, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының профессоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
  • НҰҒМАНОВА Қарлығаш Жанділдинова, саясаттану ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласының саяси зерттеулер қауымдастығының директоры (онлайн);
  • ТӘЖІБАЕВ Әлібек Тимитаұлы, "Еуразиялық мониторинг" Аналитикалық зерттеулер орталығының директоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);

Ресей

  • ВОРОБЬËВ Константин Павлович, Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
  • НАУМКИН Виталий Вячеславович, Ресей ғылым академиясының академигі, РҒА шығыстану институтының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (онлайн);
  • СУЛЕЙМАНОВ Артур Рамильевич, "Берлек-Единство" Геосаяси зерттеулер орталығының этносаясат және конфликтологияны зерттеу секторының жетекшісі (Уфа қаласы, Ресей) (онлайн);

Қырғызстан

  • БЕРДАКОВ Денис Михайлович, "‎Эльчи" әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында);
  • ЖОРОБЕКОВА Айнұр Эшимбековна, Қырғызстан Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының халықаралық қатынастар және құқық кафедрасының меңгерушісі (Бішкектегі баспасөз орталығында);
  • ОСМОНБЕТОВ Эдил Кубатович, тәуелсіз саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында);
    САРИЕВ Марс Осмонкулович, тәуелсіз саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында).

Талқылау барысында Ауғанстанда қалыптасып жатқан жағдайға жаһандық көзқарас бойынша баға беру, ауған-пәкістан жеріндегі тұрақсыздық салдарынан Орталық Азия өңірі мен Ресей Федерациясына төнген қауіп пен сын-тәуекелдер, Ауғанстан босқындарымен байланысты жағдайға қатысты проблемалар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жағымсыз салдардың алдын алу құралы ретінде қолдану, мәдени-гуманитарлық аяда Ауғанстанға қолдау көрсету мәселелері қозғалады.

Сараптамалық диалог офлайн+онлайн аралас форматында өтеді және 16 қыркүйекте сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан сайтында және біздің YouTube-арнада тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

БАҚ өкілдерін сараптамалық жиынды насихаттауға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: "Sputnik Қазақстан" баспасөз орталығы (Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10). Аккредитация мәселелері бойынша +77472207401 нөміріне хабарласуға немесе a.nurgazinova@sputniknews.cоm поштасына хат жолдауға болады.

Тақырып:
Ауғанстандағы жағдай (34)

Тақырып бойынша

Ауғанстан сарайына жайғасқан тәлібтер* оның салтанатына таңғалып жүр - видео
Ауғанстанда ұшаққа жармасып елден кетпек болған адамдар биіктіктен құлап кетті – видео
Сарапшы АҚШ-тың Ауғанстандағы күйреуі мен болашағы туралы ойын бөлісті - видео
Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Бірнеше елдің бас штаб бастықтары Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Загрузка...

Басты тақырып